16 жасында өзінен 13 жас үлкен жігітке тұрмысқа шыққан Балнұр қазіргі тұрмысы жайлы баяндап берді. Айтуынша, ол бой жете бастағаннан-ақ үлкен жігіттерге көзі түскен.
Балнұр күйеуінің бойынан ағасына тән қылықтарды көріпті. Содан кейін оны болашақ жұбайы ретінде елестеткен.
«Бастапқыда аға мен қарындас боп араластық. Кейін бір-бірімізді ұнатып үйлендік. Қазір бір ұлымыз бар. Мен жас болғандықтан келіндік өмір оңайға соққан жоқ. Бірақ бәріне үйрендім. Қайын жұртыммен қатынасым жақсы. Күйеуімнің айтқанын орындаймын. Өзімнен кіші жігітке тұрмысқа шыға алмас едім», – дейді Балнұр КТК арнасынан шығатын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында.
Студияға Балнұрдың күйеуі Болатбек те келді. 30 жастағы жігіт өзінен 13 жас кіші қызды алу қалыпты нәрсе деп ойлайды. Ал жасы үлкен әйелге үйленуді мүлдем қолдамаймын дейді ол.