$ 524.58  551.91  4.93

Атырау облысының тұрғыны далада екі күн бойы адасып жүрген

Атырау облысының тұрғыны иен далада екі күн бойы адасып жүрген. Жоғалған ер адамды іздестіру жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды «МГ»-ға сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдемесі бойынша, 22 қаңтар күні сағат шамамен 14:00-де 50 жастағы ауыл тұрғыны «УАЗ» көлігімен малға шығып, содан үйіне оралмаған. 

«Алайда туыстары ер адамның жоғалғаны туралы ТЖД кезекші қызметіне тек 23 қаңтар күні сағат 21:17-де хабарлаған. Іздеу жұмыстары сол күні кешке басталды, бірақ күн батып, қатты бұрқасын болуы салдарынан тоқтатылған», - деп баяндады ТЖД баспасөз қызметінен. 

24 қаңтар күні сағат 9:00-де іздеу жұмыстары қайта басталды. Оған ТЖД-нің бес құтқарушысы, бір арнайы техника, Индер АІІБ-нің төрт полиция қызметкері, бортында экипаждың төрт мүшесі және ТЖК-нің «Батыс аймақтық аэромобильді құтқару жасағының» екі қызметкері болған «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның «МИ-8МТВ UP-MI844» тікұшағы жұмылдырылды. 

Жоғалған ер адам сағат 15.36-да Жарсуат ауылынан 70 шақырым жерде табылды. Оның жағдайы қалыпты деп бағаланды, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - деп нақтылады ТЖД баспасөз қызметінен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары