$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында тәуіп науқас әйелдің денесінен 1945 жастағы жынды шығарғанын айтты

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тұрғыны Берік Ерболатұлы жаңадан босанған әйелдің денесінен 1945 жастағы жынды қалай шығарғанын «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтып берді.

Берік Ерболатұлы 2012 жылдан бері науқастарды емдеп келеді. Оның қабылдауына қарапайым адамнан бастап, беделді шенеуніктерге дейін келеді екен. Ерболаттың мамандығы – дәрігер. Жедел жәрдем қызметінде 6 ай фельдшер болып жұмыс істеген.

«1945 жастағы жынмен сөйлестім. Бір келіншектің ішіне кіріп кеткен екен. Ол тоқтамай ауыра берген. Күйеуіне, ата-енесіне пышақ алып жүгірген кездері де болған. Ондайда адам есін білмейді. Тек жынды оқыған кезде ғана адам есін жияды, одан кейін қайтадан өзгеріп шыға келеді. Кейде жынды шығара алмайтын кездер де болады. Бірақ ол кезде кәрі жынды мен шығара алдым», – дейді тәуіп.

Беріктің айтуынша, ол келіншектің денесінен жынды қобыз үні арқылы шығарыпты.

«Келіншек жаңадан босанған екен. Бір күні ол түнде әжетханаға бас киімсіз шығыпты. Сол уақытта жын оның ішіне кіріп кеткен. Содан кейін әлгі жын қанның иісінен адамның бойынан кете алмай қалыпты. Молдаларға апарып оқытқан уақытта жын адамның денесінен шығып кетеді де, біраз уақыттан кейін қайта кіріп алады. Ол жынды қуу үшін мен қобызды пайдаландым. Қобыздың үні арқылы келіншекті айықтыра алдым. Бірінші Алланың қалауы бойынша, содан кейін менің емімнің көмегімен ол келіншек ауруынан айыға алды», – дейді Берік Ерболатұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары