Қарағандыда №77 орта мектептің жоғарғы қабатынан құлап қалған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қыз баланың құлап қалғанынан мұғалімдердің хабары болмаған, іздемеген де. Мектеп ауласында жатқан оқушыны ата-аналардың бірі көріп қалған.
Сынып жетекшісі, мектеп директоры мен орынбасары бала құлап қалғанда қайда болғандары жайлы полицияға түсінік беріп жатыр. Сондай-ақ бірінші қабатта оқитын оқушының неге жоғарғы қабатта жүргені де анықталуда.
«ҚР ҚК-нің 141-бабы («Балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру, қызметтік бабы бойынша салғырт қарау және баланың өліміне алып келетін жағдайлар») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 29 қаңтар күні №77 орта мектептің жоғарғы қабатынан 6 жасар қыз баланың құлап кеткені хабарланған. Оқушы қазір ауруханада.
Дереккөз: NUR.KZ