Соңғы жылдары балабақша кезегі 37 мыңнан 18 мың адамға дейін қысқарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2016 жылы 70,6%, 2017 жылы 78%-ды құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 90%-ға дейін өскен болатын.
Елорданың Білім басқармасында мәлімдегендей, қазіргі таңда қалада 377 балабақша жұмыс істейді. Оның 96-сы – мемлекеттік, 232-сі – жеке меншік, 3-і – ведомстволық балабақшалар. Сонымен қатар, 46 шағын орталық бар.
Елорданың балабақшаларына 50 мыңнан астам бала барады. Бұл ретте соңғы екі жыл ішінде балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтудың ілгерілеуі байқалады. Осы тұста жеке секторды тарту маңызды рөл атқарды: ол мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалардың жалпы санының 35%-ын жабады.
100% қамтуды қамтамасыз ету үшін (63 мыңнан астам бала) балабақшалар желісін кеңейту мақсатындағы жұмыстар жалғасады. Сондай-ақ, оларды тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында ашу жоспарлануда. Ағымдағы жылы 480 орындық екі балабақша пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, 720 орындық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарты аясында екі балабақшаның құрылысы жүргізіліп жатыр.