$ 494.87  520.65  4.91

«Қызын араққа айырбастаған»: Белігілі журналист малшының қолында құлдықта жүрген бойженнің тағдырын баяндады

Мектеп қабырғасында жүріп жүкті болған қыз балаға туыстары түсік тастатыпты. Ал бойжеткенді әкесі бір жарты араққа құлдықа өткізіп жіберіпті. Бейтаныс арудың тағдыры жайлы белгілі журналист Жазира Бегалы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Журналиске бұл оқиға жайлы танысы айтып беріпті. Туыстары бойжеткенді  4 айлық баласына түсік тастатқызып, өзін басқа адамға тұрмысқа шығарған. Ал бұрынғы жігіті сотталып кетіпті. 

«Қаңтарда аяз сақылдап тұрған түні әпкем тереземді қағып тұр. Аяқ киімі жоқ. Қалшылдап, жылы үйге кіріп, құлап қалды. Ол біздің үйде жүрді. Ауылда бір жігітпен отау құрды. 4 айдан кейін малшы оның мекен-жайын тауып алыпты. Үйімізді екі күн торуылдап, әпкемнің үйін сұрастырып біліп, ақыры түнгі төртте күйеуі, ата-енесінің айқай-шуына қарамастан көлікке салып, алып кеткен. Оған мекен-жайды өгей әкем берген екен», - дейді келіншек.

Әйелдің айтуынша, өгей әкесі қызды бір жарты араққа сатып жіберген. 

«Әпкем сол малшының құлы. Мал бағады, сиыр сауады. Жалақы алмайды. Күнде ұрып-соғады екен. Әпкем бірде көрші ауылдың малшыларына қашып, сол жақтан пана табады. Тағы да оны қожайыны іздеп, ұрып-соғып, жайлауға алып кетіпті. Ол малшы, сауыншы ғана емес. Жыныстық қатынасқа да мәжбүрлейді екен. Шындықты қалай жасырамын. Ол жылағанда сүйегім сырқырайды», - деп жазған ол.

Келіншегін құтқармақ болған күйінің әрекетінен түк шықпапты. Полицейлер де ешқандай шара қолданбаған екен.

«Полиция да түк шара қолданбаған. Өйткені біздің қорғанымыз жоқ. Менің әпкемнің бұл азаптан құтыламыз деген үмітіміз жоғалды», - деп жазды ол. 

Оқиғаны баяндап отырған әйел көпшіліктен көмек сұрап, әпкесін құтқаруын өтініп жазған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары