$ 444.22  476.38  4.82

«Әкесін жақсы көреді»: желіде Байзақованың ұлымен түскен суреті қызу талқыланып жатыр

Айжан Байзақова ұлының әкесіне тартып кеткенін айтты. Блогердің айтуынша, анасы әкесін қатты жақсы көрсе, сәби соған ұқсап туады екен. Бұдан бөлек, атышулы блогер кішкентайының мінезі жайлы айтып, онымен бірге түскен жаңа суретімен бөлісті, деп жазады Stan.kz.

«Маған салондағылар «әкесін қатты жақсы көрсеңіз, бала соған тартып кетеді» деп айтқан еді. Мінеки, ол маған мүлдем ұқсамайды.

Тек мінезі менікі. Елдің назарын жақсы көреді. Үйдегі адамдар тек ол туралы айтып, айналасы шуға толы болуы керек. Ол үнемі менің үстімнен әжесіне шағымданады. Апасының баласы болып өсіп келеді, қысқасы. Менімен құшақтасып қана ұйықтайды, Жібек сыйға тартқан төсек сол қалпы тұр.

Баламның жүзін тіл-көзден қорыққандықтан жасырмаймын. Тек оқырмандарымның арасында ешқандай ұстанымы жоқ жағымсыз адамдар бар. Ондайларға баламды көрсетуге қорқамын. Бірақ шын көңілмен бақыт тілеп жататындар да бар. Мен сіздердің хаттарыңызды оқимын, маған тілегендеріңіз өздеріңізге екі еселеп қайтсын», – дейді Байзақова.

Желі қолданушылары Айжанның ұлымен түскен суретіне тәнті болды.

«Қандай тәтті», «Бақытты көрінесіздер», «Неткен сүйкімді», «Ұлыңызға да, өзіңізге денсаулық тілеймін», «Өте сұлу анасыз, сізге жарасып тұр», – деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары