Меккеде қажылық кезінде бес қазақстан азаматы қайтыс болды, деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ).
«Қажылық кезінде қайтыс болған бес қазақстандықтың жасы 80-ге тақап қалған және 80-нен асқан. Барлығы жүрек талмасынан, қан қысымынан қаза тапты», - дейді басқарманың наиб-муфтиі Серікбай Ораз.
Сауд Арабиясындағы Мина алабында мұсылмандардың қажылық рәсімі кезінде болған кептеліс салдарынан 700-ден астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған.
ҚР СІМ бұл оқиғадан мерт болғандар мен жараланғандар қатарында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлаған.
Айта кетейік, биыл қажылыққа Қазақстаннан 4 мыңдай адам барған болатын.