$ 443.85  474.3  4.8

Түркістан облысының тұрғыны ауыл базарына аюды сатуға шығарған

Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы «мал базарлардың бірінде аю сатылып жатыр» деген мәлімет тарағаннан кейін жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.

2019 жылдың 3 ақпан күні 102 пультіне тұрғындардың бірі Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы мал базарда аю сатылып жатқанын хабарлаған. 

«Осы хабарлама бойынша сол күні Сайрам АІІБ табиғат қорғау, Түркістан облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларының бірлескен тексеруі барысында жоғарыда аталған мал базарында көлемі 2х3 темір тордың ішінде бір дана ақшыл-қоңыр түсті жабайы аюдың тұрғаны анықталды», - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Осы оқиғаға қатысты Сайрам ауданының ІІБ-де ҚР ҚК-нің 339-бабына («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») сәйкес бірыңғай реестрге тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары