Соңғы аптада ХҚКО-ға келушілердің саны 3 есеге артты, клиенттер санының бұлайша күрт өсуі жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында мәліметтерді өзектендіруге байланысты.
Қазіргі уақытта әкімдіктердің қызметкерлері азаматтарды аула аралап тексеру жүргізуде және мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, мәліметтерін өзектендіру талап етілетін барлық азаматтарды жеке басы куәліктерін ауыстыру немесе мекенжай мәліметтерін түзету үшін ХҚКО-ына жолдайды. Нәтижесінде соңғы аптада ХҚКО-ға келушілердің саны 3 есе артты, деп хабарлайды ХҚКО баспасөз қызметінен.
«Бүгін таңертеңнен жеке бас куәліктерін ауыстыру немесе мекенжай мәліметтерін түзету үшін 3 мыңнан астам талон берілді, бұл әдеттегі күнде осы қызметті алушылар санынан үш есе артық. Келушілердің ең көбі Астана қаласында, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында. Құжаттандыру жүргізуді қалайтын азаматтар саны жақын арада тек өсу мүмкіндігі туралы болжам бар», - деп «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева атап өтті.
Сондай-ақ Балташеваның айтуынша, қазіргі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтары кезек болдырмау және азаматтарға күту мерзімінен кешіктірмей қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. ХҚКО 238 қызметкері көші-қон полициясы қызметкерлеріне мекенжайжай-анықтамалық мұрағат бойынша тексеруге көмек көрсету үшін жіберілген.
Көші-қон полициясының қызметкерлері жұмыс күндері жылжымалы кесте бойынша үзіліспен 09.00-ден бастап 18.30-ға дейін және сенбі күні 09.00-ден бастап 13.00-ге дейін жұмыс уақытына өткен.