14.02.2019, 09:27

Қарағандыда әріптестерімен көңіл көтеруге барған әжей мейрамхана баспалдағынан құлап қайтыс болды

Қарағанды тұрғыны мейрамханада баспалдақтан құлап қайтыс болды деп жазады NUR.KZ.

74 жастағы әжей жұмыстастарымен 30 жылдықты тойлап жатады. 2-қабаттан баспалдақпен түсіп келе жатқан қарт аяғы сүрініп, жерге құлайды. Марқұм алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. 

Мейрамхана әкімшілігі баспалдақтың барлық талапқа сай екенін, аса үлкен де емес екенін айтады.