Атырауда 5 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау қаласының әкімдігінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгісімен көпбалалы 25 ананың марапаттау рәсімі өтті. Көпбалалы аналардың төсбелгілерін Атырау қаласы әкімінің орынбасары табыс етті.
«Бүгінгі күні Атырауда «Алтын алқа» төсбелгі иелері - 1088, күміс алқалы аналар - 1559. Қалада 10 немесе одан да көп баланы тәрбиелейтін аналар саны - 283, ал 4 және одан да көп балалары бар аналар - 5296», - дейді Атырау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Полымбет Хасанов.
Айта кетейік, көпбалалы 25 ананың 5-і «Алтын алқа», 19 ана «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.