15 ақпан күні 10-сынып оқушысы құдыққа түсіп кеткен 2014 жылғы сәбиді шығарып алды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Анасы мен баласы Қарасай батыр көшесінде қыдырып жүрген. Құдыққа түсіп кеткен баланы №39 орта мектептің 10-сынып оқушысы құтқарушылар келгенше шығарып алған.
Жапа шеккент сәби №2 балалар ауруханасына жеткізілді. Ал құтқарушылар оқушыны үйіне апарып тастады.
Еске сала кетейік, былтыр қараша айында 13 жастағы қыз Қошқарбаев пен Жәнібеков көшесі қиылысындағы құдыққа құлап қайтыс болған еді.