Қаланың барлық аудандарында штабтар құрылып, су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары, қар шығару және арық-науа желісін тазалау бойынша жұмыс кестесі бекітілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алматы ауданы:
Көктемгі кезеңде су басатын жерлерден қарды шығару жұмыстары басталды, жеке сектор тұрғындарына аулалардан қар шығару қажеттілігі туралы хабарламалар таратылады (1,2 мың хабарлама). Қар әлеуметтік нысандардан да шығарылады: 26 балабақша, 25 мектеп және 21 денсаулық сақтау нысаны, 4 басқа да әлеуметтік нысандар. Жұмыс 10 наурызға дейін аяқталады. Арық-лотоктық желілерді қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүргізілуде (3 мың қума метр тазартылды).
Бұдан басқа, тексеру барысында су тасқыны кезеңінде су басу қаупі бар учаскелер анықталды.
Байқоңыр ауданы:
Мұнда су деңгейін төмендететін арық жүйелері қырық шақты көшеден өтеді. Бүгінгі таңда Сейфуллин, Сырдария, Мұнайшылар, Құрманғазы 1, 2, Көктомар, Ашхабадский көшелері бойындағы арықтар тазартылды. Жұмыстар жалғасуда.
Сонымен қатар, жеке сектордан қар шығару жұмыстары жүргізілуде, бұл жеке учаскелерді су басудың негізгі себебі болып табылады. Алдын ала кесте жарияланды. Аудан тұрғындарына қарды жеке аумақтан жол бөлігіне шығаруға көмек көрсету туралы өтінімдер жолданды.
Есіл ауданы:
10 ақпаннан бастап «Астана Тазалық» ЖШС мердігерлік ұйымы Майбалық көлінің ауданында орналасқан арнаны тазалау жұмыстарын жүргізуде. 6 мыңнан 4,5 мың текше метр тазартылды, сондай-ақ Пригородный тұрғын алабында орналасқан арықты тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін 1,3 мың шаршы метр тазартылды. «Үркер» тұрғын алабы ауданында орналасқан арнаны тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 3 мың текше метр тазартылды.
Сарыарқа ауданы:
3 қаңтардан бастап жеке сектордан (150-ден астам көше) қарды шығару жұмыстары жүргізілуде, тұрғындарға ауладан қарды шығару қажеттілігі туралы 2 250 хабарлама таратылды.
Арық-лотоктық желілерді тазалау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Желілердің жалпы ұзындығы 13,9 мың текше метрді құрайды. Бүгінгі таңда 8 449 текше метр тазартылды.
Ауданда Агроқалашық, Көктал-1, Көктал-2 тұрғын алаптарын және Панфилов, Павлов, Майқытов, Қарауыл, Мыңарал сияқты көшелерді көктемгі-күзгі кезеңде су басуы мүмкін. Осыған байланысты құдықтармен су өткізу құбырларын орнату арқылы батпақтан су бұру және су деңгейін төмендету бойынша шешу жолдары әзірленді.
Көктемгі кезеңде батпақтарда су деңгейінің жоғарылауы кезінде мотопомпалар орнатылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, су тасқыны кезеңінде су басуды болдырмау мақсатында үйінді құрылыстарды тексеру үшін аралау шаралары жүргізілді.