Өзінің пәктігін сатылымға қойған әзірбайжандық модель Махбуба Мамедзаде сатып алушы азаматты тапты. Бойжеткеннің пәктігін токиолық саясаткер 2 миллион еуроға бағалаған деп жазады woman.ru сайты.
Модель тапқан қаражатына үй сатып алмақшы. Ол тіпті анасын алып, АҚШ-қа көшуді де жоспарлап қойған.
«Анам екеуміз үй сатып алу үшін осы қадамға бардым. Осы уақытқа дейін анам мен үшін барын салды. Енді менің кезегім. Анамның менімен мақтанғанын қалаймын», - дейді Махбуба.
Айта кетейік, Махбубаның пәктігін аты-жөні белгісіз Токионың саясаткері сатып алмақ.
Ал модельге қымбат баға ұсынғандар арасында лондондық заңгер мен мюнхендік футболшы да бар.
Журналистердің мәліметінше, Махбубе мен ер адамның кездесуі Германияда өтеді.
Дереккөз: Nur.kz