Қоғам 26.02.2019 сағат 04:49  405

Шымкент тұрғыны әйелін ұл туып бермегені үшін 7 қызымен тастап кетті

Күйеуі 9 жыл тұрған әйелін ұл туып бермегені үшін 7 қызымен бірге тастап кетті. Бұл жайында Шымкент тұрғыны «Кеш қалмайық» бағдарламасында айтып берді.

Шымкент тұрғыны әйелін ұл туып бермегені үшін 7 қызымен тастап кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлия 8 жасында жетім қалған. Анасы қызын босана сала көз жұмыпты. Ал әкесі 8 жасында қайтыс болып кеткен. Содан бері қыз әр туысқанының үйін паналап келген.

Жетім өскен Әлия тұрмысқа шыққанда үлкен отбасы болуды қалаған екен. Бірақ ұл тумағаны үшін күйеуі оны жазғырып келіпті. Тіпті 4-қызын дүниеге әкелгенде енесі де оның тууына қарсы болған.

«Маған ұл бала керек деп айтады. Күйеуім такси жүргізушісі болып істейді. Қыздарды мектепке апару керек, басқа да шаруалар шыққан уақытта өзіне хабарласамын. Бірақ ол кезде келмейді. Тек ойына келген уақытта қыздарын көруге келеді», – дейді Әлия.

Көпбалалы ана күйеуімен заңды түрде ажыраспаған. Сол себепті ай сайын қыздары үшін алимент ала алмай отырғанын айтады. Қазіргі уақытта 7 қызымен кішкентай ғана лашықты паналап отырған ол болашақта баспаналы болғысы келетінін армандайды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар