Алматыда ұлы әкесіне алимент төлейтін болды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Алматы.ТВ.
Бостандық аудандық соты С.Б-тың туған баласы С. Б-тан еңбекке жарамсыз ата – анасы ретінде алимент талап ету жөніндегі істі қарады.
«Әйелімен ажырасқаннан бері талапкер ұлы Серікке алимент төлеп келген. Қазірге таңда оның барлық аурулары қозып, қант диабетіне шалдыққан. Екінші топтағы мүгедек болып, жұмысқа жарамсыз деп танылды. Ал ұлы өз еркімен әкесіне көмек беруден бас тартқан. Сол себепті, әкесі 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұраған», – делінген хабарламада.
Сот отырысында жауапкер талапкерді бөгде адам ретінде санайтынын, асырап-бақпағанын, алиментті де толық және ай сайын төлемей отырғаны үшін арызды мойындамайтынын алға тартты.
«2010 жылы ол өзі де кәмелеттік жасқа толмаған балаларына сот бұйрығы бойынша тапқан табысының 50 пайыз мөлшерінде алимент төлеп отырғанын, айлық табысы шамалы, материалдық тұрмысы нашар болғандықтан, соттан талап арыз қанағаттандырудан бас тартуды көрсетті», – делінген хабарламада.
Сот С.Б-тан әкесінің пайдасына ай сайын бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеу туралы шешім шығарды.