Шымкенттік әпкелі-сіңлілер Фатима мен Әлия Мұсабаевалар 2007 жылы таныстарының шақыртуы бойынша ақша табу үшін Мәскеуге аттанған. Алайда бәрі өздері ойлағандай жақсы болмай шыққан. Себебі олардың тегін жұмыс істеуге және адам төзгісіз жағдайда өмір сүруге мәжбүрлепті. Сонымен қатар оларды ұрып-соғып, зорлап келген көрінеді.
Бұл туралы Moscow Times басылымы жазды.
2007 жылы 18-17 жастағы Фатима мен Әлия әкесінен айырылып, ақшасыз қалған. Олар далада қаламыз деп қорқып, табыс табудың жолдарын іздей бастапты. Сол кезде таныстарының бірі Мәскеудегі азық-түлік дүкенінде өзінің ағасы жұмыс істеп жүргенін айтып, сол жаққа баруды ұсынады.
«Досымыз біздің көлік және үй сатып ала алатынымызды айтты. Біз жас, білгеніміз аз еді. Сондықтан кетіп қалдық», - дейді Фатима.
Әпкелі-сіңлілердің сөзінше, Фатима кассир, болып жұмыс істеуі керек болыпты. Ал Әлияға дүкен иесінің балаларын қарау міндеті жүктелген. Алайда бәрі өздері ойлағандай болмай шыққан. Дүкен иесі қыздарға жұмысы үшін бір тиын да төлемей қойған. Сондай-ақ, адам төзгісіз жағдайда ұстапты.
Олардың сөзінше, екеуі басқа жұмысшылармен бірге тар жертөледе ұйықтаған. Көгеріп кеткен тамақты жеп, соққыға жығылыпты. Оларды кез-келген қателігі үшін ұрып-соғып, зорлаған екен. 2009 жылы Фатима қашып кетпек болады. Алайда оны ұстап алыпты. Оны жазалау үшін тағы да зорлап тастаған. Соның салдарынан ол жүкті болып қалып, ұл баланы дүниеге әкеледі.
Фатима тек бір жылдан кейін құлдықтан қашып құтылған. Ол Шымкентке жетіп, полицияға шағымданыпты. Алайда полициядағылар оған көмектесуден бас тартып, бұл өздерінің құзыреті емес екенін айтқан.
Сол кезде Фатима журналистерден көмек сұрапты. Ол туралы ақпарат тарағаннан кейін әпкелі-сіңлілердің жағдайы туралы «Сана Сезім» қайырымдылық қоры құлағдар болған.
Артынша Фатима Мәскеудің құқық қорғау органдарына шағымданып, ұлын қайтарып алған.
Алайда оған сіңлі Әлияны құлдықтан босатып алу үшін 3 жыл уақыт керек болды. Ол ұйқы-күлкіден айырылып, күні-түні сіңлін құтқарып алуды ойлаумен болған.
«Кішкентай кезімде оны үнемі қорғап жүретін едім. Тіпті мектепте оны кемсіткен ұлдармен төбелестінмін», - дейді Фатима Мұсабаева.
Осылайша, әпкелі-сіңлілер қауышып, Қазақстанға оралғаннан кейін оларға қалпына келу үшін тағы біраз уақыт керек болыпты. Оларға психолгтар, әлеуметтанушылар және жағдайына бей-жай қарай алмаған жандар көмекке келген.
Қазіргі уақытта олар жұмыс істеп, балаларын бағып-қағып отыр. Фатима тағы бір перзентін дүниеге әкелген. Олар бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Әлия жанармай бекетінде жұмыс істесе, Фатима желіде түрлі бұйымдар сатады. Отбасындағы қиындықтар мен балалардың тәрбиесі туралы айтқан әпкелі-сіңлілер күндердің күні балаларға әкесі туралы айтуға тура келетінін айтады.
«Менің бұл туралы ұмыта алмайтынымның бір себебі – бұл ұлым. Ол менің есіме сол жайтты түсірмейді. Тек күндердің күнінде әкесі туралы сұрай бастайды. Сол кезде не айтатынымды білмеймін», - дейді Фатима.
Басылым мәліметінше, Ресейдегі тергеу тоқтатылған. Ал Қазақстанда уақытша тоқтатылыпты.
Ендігі әпкелі-сіңлілер өздеріне қорлық көрсеткен ер адамның неліктен әлі бостандықта жүргенін түсіне алмай отыр. Олардың сөзінше, құлдықта жүрген адамдардың кейбірі тек 2017 жылы қашып құтылыпты. Сондықтан Фатима мен Әлия өзбекстандық екі адаммен бірігіп, адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа қуыным беріп, өз құқықтарының бұзылғанын жеткізіпті.
Өткен жылдың соңында сот істің тергеуі жалғасатынын растады.
«Мұның әлденені өзгерте алатынына үмітім аз. Алайда мен үшін соңына дейін жету маңызды», - дейді Фатима.
Дереккөз: Stan.kz