$ 448.89  477.93  4.76

Дүкенде ұрлық жасаған орта жастағы әйел ұятқа қалды (ВИДЕО)

Дүкенге кірген әйел зат ұрлаймын деп шығаберісте ұсталып қалды. Осынау сәттегі видео Facebook әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланып, қызу талқыға түскен.

Бұл оқиға еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз. Бейнежазбада қалың киініп алған әйел ұрлаған заттарын қойнынан бір-бірлеп шығарып жатқаны көрсетіледі. Ол өзімен бірге шаш сусабыны және қыз-келіншектерге қажетті заттарды ұрламақшы болған. Алайда, кассадағы қызбен күзетші оны ұрлық үстінде ұстап алыпты.

Кадр сыртында жігіт дүкенде тағы да екінші ұры әйелдің бар екенін айтқан. Оны да мұқият тексеріп, ұстауды басқаларына ескертеді.

Желі қолданушылары әйелді ұрлыққа еліміздегі нашар тұрмыс пен жоқшылық итермеледі деп жазуда.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары