Елбасы ұсынған «100 нақты қадамның» 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналған. Заманауи мемлекет құруда кәсіби аппараттың рөлі өте зор. Сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» идеясын ел санасына қалыптастыратын да, ілгері апаратын да мемлекеттік қызметкерлер.
Бүгінде халықтан қолдау тауып, жүзеге асыру шаралары қарастырылып жатқан, негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» делінген бағдарламалық құжаттың әрбір қадамының маңызы мен мәні кеңінен саралануда. Отырар ауданында Елбасының осынау реформасын көпшілікке кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ Көксарай, Аққұм ауыл окруігтерінде болып, ауыл тұрғындарымен жүздесіп, арнайы жиындар өткізді
Келелі жиында сөз алған аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Киізбай «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған басым бағыттарды сөз етсе, аудандық Мәслихаттың депутаты М.Белгібай Елбасымыздың 5 институттық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамын жан-жақты сөз етті.
Жиында ақпараттық топ жетекшісі П.Жаппарқұлов Жолдауда да, «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарында да елдің болашағын, келешегін айқындайтын парасатты бастамалардың бар екендігін, алайда ел арасында Елбасымыз айтып жүрген ынтымақ-бірлік, ұлтаралық татулық, діндер арасындағы өзара түсінік болмаса, бәрі бекер екендігін нақты мысалдармен жан-жақты баяндап берді.
Топ жетекшісі, сондай-ақ, кәсіби мемлекеттік аппарат құру жайына тоқталды.
- Қызметке деген адалдық, еңбексүйгіштік, Отанға деген патриотизм – Елбасының мемлекеттік қызметкерлер алдына үнемі қойып келе жатқан талабы екені мәлім. Енді осы талаптар мемлекеттік қызметтің есігін алғаш аттаған жас маманның бойына нақты қадамдар арқылы сіңірілмек, - деп атап өтті ол.
Ырыстың ынтымаққа, бақыт пен берекенің тыныштыққа баратындығын сөз еткен топ мүшелері өз жұмыстарын өзге ауыл окргугтерінде жалғастыруда.