$ 524.58  551.91  4.93

Арман Шораев кәрі депутаттарға: «Күні ертең кооператив үйлерге өздерің кетіңдер, мемлекет үшін сол пайдалы»

Күні кеше ғана Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова бюджетке түзетулер топтамасын талқылау барысында балаларға кедергі жасамау үшін  қарт ата-аналарға кооперативтік үй салу жайлы әңгіме қозғаған болатын. «Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев сол кооперативке Қарағұсова секілді кәрі депутаттардың өзін жіберуді ұсынды. 

«Несіне күтеміз? Мәжіліс және Сенаттың кәрі-құртаң депутаттары, күні ертең жұмыстан шыға сала кооперативтік үйге кетіңдер. Міне сол кезде мемлекет үшін пайдалы нәрсе болады. Ешкім де байқамай қалады сіздердің кетіп қалғандарыңызды», – деп жазды Шораев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, Қарағұсованың бұл сөзі желіде қыз талқыланып, көпшіліктің ашуына тиген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары