Күні кеше ғана Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова бюджетке түзетулер топтамасын талқылау барысында балаларға кедергі жасамау үшін қарт ата-аналарға кооперативтік үй салу жайлы әңгіме қозғаған болатын. «Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев сол кооперативке Қарағұсова секілді кәрі депутаттардың өзін жіберуді ұсынды.
«Несіне күтеміз? Мәжіліс және Сенаттың кәрі-құртаң депутаттары, күні ертең жұмыстан шыға сала кооперативтік үйге кетіңдер. Міне сол кезде мемлекет үшін пайдалы нәрсе болады. Ешкім де байқамай қалады сіздердің кетіп қалғандарыңызды», – деп жазды Шораев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, Қарағұсованың бұл сөзі желіде қыз талқыланып, көпшіліктің ашуына тиген болатын.