Күйеуі тастап кеткен Амина көпшіліктен көмек сұрайды. Оның бүгінде бес баласы бар. Үлкен ұлы – 13 жаста, үш қызы – 9, 6 және төртте. Соңғысы әлі 8 айлық нәресте деп жазады Nur.kz.
Қазір бес баласымен Амина Талғарға қарасты Гүлдара ауылындағы жер үйде тұрып жатыр екен. Бұл үйді мұсылман отбасы жалғызбасты аналарға салып беріпті. Мұнда 9 ана және 30 бала тұрады екен. Бұл - уақытша баспана. Кіші баласы 1,5-2 жасқа толған соң кетеміз дейді. Аминаның 3 баласы бірінші некесінен. Ол бұрын христиан дінінде болған. Исламды 5 жыл бұрын қабылдапты. Ал екінші күйеуімен 4 жыл бірге тұрған. «діндар» еркек әйелді үш айлық жүктілік кезінде тастап кетіпті. Айтуынша, ол әйеліне «намаз оқымадың» деп жиі жанжал шығарады екен. Бес баласымен осылай далада қалған Амина не істерін білмейді. Өйткені емшектегі баласымен жұмысқа шыға алмаймын дейді. Бұрын автожуу бекетінде жұмыс істеген. Бірінші күйеуі ай сайын 40 мың алимент бергенімен, ол түкке жетпейді екен. Ал балаларына алатын жәрдемақы да азық-түліктен артылмайтын көрінеді. Осы күнге дейін Амина мен бес баласына еріктілер көмектесіп келген. Алайда, олар өмір бойы қол үшін соза бермейтіні анық. Сол үшін де көпбалалы ана халықтан көмек күтетінін жеткізді.