Қарағандыдағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығы да Наурыз мерекесін тойлады. Қала еріктілерінен құрылған арнайы топ қарттардың көңілін көтіріп, концерт ұйымдастырды.
Еріктілер тобының басым бөлігі – болашақ əлеуметтік қызметкерлер. Студенттер қариялардың тілін тауып, олармен етене жақын араласып кетті. Тіпті зейнеткерлер де өздерін жас балаша сезінгендерін айтты.
«Наурызға арналған шаралар өтіп жатыр. Экономикалық университеттің студенттері концерт қойды, арасында жарыстар ұйымдастырылды, жастық шағымызды еске түсіріп, жастармен жас болып жүрмін», – дейді қонақтардың бірі Бақыт Сәдуақасова.
Айта кетейік, Қарағандыда белсенді өмір сүру орталығы ақпан айынан бастап қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде орталыққа 60-тан аса адам келеді. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлер бос уақытын өткізеді. Мұнда қариялар үшін кітапхана, фитнес залы жəне тіл меңгеру курстары бар.