$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстандағы ең үлкен ойын-сауық орталығы Шымкентте салынбақ

ОҚО әкімі Б.Атамқұлов пен инвесторлар арасында жүргізілген кездесу нәтижесінде, Шымкент қаласында жалпы аумағы 38,0 га жер телімінде Қазақстанда ең үлкен «Shymkent mall» сауда-ойын сауық кешенін салынатын болды.

Жалпы ауданы 120,0 мың шаршы метрді құрайтын сауда-ойын сауық кешенінде бірқатар қызмет көрсету нысандары орналастырылады деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда: гипермаркет – 10,0 мың шаршы метр, дүкендер – 10,0 мың шаршы метр, кинотеатрлар – 4,0 мың шаршы метр, балаларға арналған ойын-сауық паркі – 3,5 мың шаршы метр, аквапарк – 15,0 мың шаршы метр, 3000 адамға арналған фуд-корт орындары, электроника дүкендері – 2,5 мың шаршы метр,  заманауи фешн галереясы – 40,0 мың шаршы метр, сонымен қатар, 3500 авто көлікке арналған автотұрақ қамтылатын болады.

Жобаға жалпы соммасы 42,0 млрд теңгені құрайтын жеке инвестиция тартылады және 4000 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұдан бөлек, кешенде 8 платформадан тұратын және бір уақытта 350 жолаушыны қабылдайтын автовокзал жұмыс жасайды.

«Shymkent mall» Шымкент қаласының шырайын аша түсетін еліміздегі ең ірі қайталанбас сауда орталығы болмақ.

Көрсетілетін қызметтердің жоғарғы деңгейге көшуіне оң ықпалын тигізетін болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары