Ұшақ жолаушысы дәретхана орындығын жалап, осы іс-әрекетін видеоға түсірген. Сосын видеоны Twitter желісіне жүктеген. Оның жазбасына Fox News басылымы назар аударды, деп жазады Stan.kz.
Видеода шашы екіге өрілген қыз дәретхананың орындығына қарай еңкейіп, оны тілімен жалайды. "Мен өмірімде көптеген дәретхананы жаладым, бірақ осыдан кейін менің тілім күрмеліп қалды", — деп жазды ол.
Бір түннің ішінде оның жазбасы желі ішінде тез таралып кетіп, қыз танымалдыққа кеңелді. Бірақ желі қолданушыларының көбісі бойжеткеннің іс-әрекетін сынның астына алды.
"Мен қатты алаңдап тұрмын", — деп жазды желі қолданушысы, "Сен 1200 ауруды өзіңе жұқтырып алдың, сондықтан сенің тілің күрмеліп қалды", — деді екіншісі. "Интернетті пайдалануды доғару керек сияқты", — деп пікір білдірді қалғандары. Адамдар қыздың неліктен мұндай қадамға барғанын түсінбей таңғалды.
2018 жылы әртүрлі әуекомпанияларының жолсеріктері ұшақтағы гигенаның қандай екенін айтып берген еді. Олардың сөзінше, ұшақтағы дәретханалар ең соңында тазаланады. "12 сағат бойы 200 жолаушысымен ұшқан ұшақтың дәретханасында не болып жатқанын елестетіп көріңіздерші", — деді бір экипаж мүшесі.