15.07.2014, 11:01

Қазақстан халқы 103 мың адамға өсті

Сурет: today.kz

Жыл басынан Қазақстан халқы 103 мың адамға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

— 2014 жылдың 1 маусымында еліміздегі халық саны 17 млн. 264 мың адамды құрады және жыл басынан бері 103 мың адамға немесе 0,6 пайызға өсті, — деді Ә.Смайылов.

Агенттік басшысының айтуы бойынша, 2014 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында АХАТ органдарында дүние есігін ашқан 160 мың сәби тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6 пайызға көп.

— Осы кезең аралығында қайтыс болғандар саны 55,8 мың адам. Бұл 2013 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 7,2 пайызға аз, — деп толықтырды Агенттік төрағасы.

Тегтер: халық саны өсу