Қоғам 29.03.2019 сағат 10:59  285

Алматыда ротвейлер тұқымды екі ит 3 жасар қызды талап өлтірді

Алматыда ротвейлер тұқымды екі ит 3 жастағы қызды талап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда ротвейлер тұқымды екі ит 3 жасар қызды талап өлтірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қайғылы оқиға Рысқұлов көшесіндегі  Самғау шағын ауданында болған. Жануарлар аулада жүрген иттер иесінің қызын бас салып, талаған. Бүлдіршін жедел жәрдем келгенше көз жұмған. 

Баланың қол-аяғы, үсті-басын таланған, бас сүйегі сынып кеткен. 

Мамандар иттердің мінезінің неге агрессивті сипат алғанын әзірге түсіндіре алмай отыр. 

«Біздің ветеринарлық қызметке қоңырау сағат 12:30-да түскен. 20 минут ішінде оқиға орнына екі бригада барды. Ветқызмет өкілдері иттерді байлап, оқшаулады. Қазір иттер бақылауда тұр. Олардың адамға тап беруіне не түрткі болғаны белгісіз. Құтыру тағы басқа ауруларға тексеретін боламыз», - деді қалалық Ветеринарлық қызметтің жануарларды аулау бөлімінің жетекшісі Әйгерім Жақсылық.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар