$ 447.4  477.55  4.76

Атырауда полицей әйелдің аяғына оқ атып жіберді (ВИДЕО)

Атырау әуежайында полиция қызметкері аңдаусызда әйелдің аяғына оқ атып жіберді. 37 жастағы зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Оқыс оқиға кеше Атыраудағы халықаралық әуежайдың терминалында орын алған. Кезекші полицей аңдаусызда табельдік қарудан оқ атып жіберген. 

Полиция департаменті аталған фактіні растады. 

«Желілік полиция бөлімінің патрульдік-пост қызметінің қызметкері жеке тексеру бөлмесінде қаруды абайсыз ұстау салдарынан аңдаусызда оқ атып жіберген. Оқиға сағат 17:40-та полиция қызметкері банктердің бірінің инкассация қызметінің қызметтік қаруын тексеру кезінде орын алған»,- дейді ведомстводағылар. 

Оқ әуежайда туыстарын күтіп жүрген 37 жастағы әйелдің аяғына тиген. Желіде оқиғаның видеосы тарап кетті.

Оқ жарақатын алған әйел Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында шұғыл тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары