07.04.2019, 11:03

Нұр-Сұлтанда бірнеше автобустың бағдары өзгерді

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Нұр-Сұлтанда үш автобус бағдары уақытша өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Astana LRT» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«7 cәуірден бастап жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №35, 36, 73 бағдарлары көрсетілген қозғалыс сызбасы бойынша уақытша қатынайды», - делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, 5 сәуірден бастап, жол жөндеу жұмыстарына байланысты № 5А, 6, 16, 37, 72 автобустардың бағдары уақытша өзгерген болатын.