$ 495.2  522.34  4.94

Түйенің зәрі дәрі ме? (ВИДЕО)

Түйе –түліктің төресі. Еті азық, шұбаты шипа, шудасы киім. Алайда дала желмаясының біз білмейтін тағы бір ерекшелігі бар деп сөз бастаған «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепберген ойсылқараның көпшілік біле бермейтін емдік қасиеті –оның зәрі екенін айтып, жиналған жұртты ойға қалдырды.

Ток-шоуға қонаққа келген кейіпкер Өтеміс Маханов түйенің зәрімен талай жанды дертінен айықтырғанын айта келе, түсінгенге түйенің зәрі - нағыз дәрі деп өз дәлелдерін алға тартты. Бағдарлама барысында қарияның 200 бас түйе өсіріп отырған шаруа қожалығының иесі, емші екені айтылады.

«Менің түйенің зәрімен адамдарды емдеп келе жатқаныма 10 жыл болды. Қазір 40 адамдық емдеу-сауықтыру орталығымыз бар. Бізге көбіне бауыр ауруымен ауыратындар, қан қысымы, қан диабетінен зардап шеккендер, онкологиялық аурумен ауыратындар көп келеді. Біз ашықтырып барып емдейміз»,-дейді емші қария.

Бағдарлама барысында Өтеміс Махановтың түйесінен алынған зәр зертханаға жіберіліп, ішуге жарамсыз деп танылды. Дегенмен, бағдарламаға қатысушылардың бір тобы түйенің зәрін даттаса, бір тобы құптады. Сонымен, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?  Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеушілер бұны өзі сараптай жатар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары