$ 443.35  475.54  4.82

Шымкентте қараусыз қалған сәби улы сұйықтық ішіп қойған

Шымкенттік дәрігерлер тері ісігін кетіруге арналған сұйықтыққа уланған өзбекстандық баланы құтқарып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Балдырған абайсызда улы сұйықтықты ішіп қойған. Осыдан кейін ауыр жағдайда Гипербариттік оксигенация орталығына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.Дәрігерлердің айтуына қарағанда, улы сұйықтық баланың ауыз қуысын күйдіріп жіберген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, шұғыл реанимациялық көмектің арқасында баланың жағдайы жақсарып, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.

Қазіргі таңда уланған бала анасымен бірге ауруханада емделіп жатыр. Зардап шеккен бүлдіршін - Өзбекстан тұрғыны. Ол ата-анасымен бірге Қазақстанға қонаққа келген. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары