Шығыс Қазақстан облысында ірі көлемді бұршақ жауып, автокөліктерге зақым келді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұршақтың жаууы құбылмалы ауа-райы әсерінен болып отыр. Жергілікті тиісті орындардың хабарлауынша, тұрғындардан ешқандай өтініш түспеген. Сондықтан, бұл жайтты төтенше жағдай деп жариялауға негіз жоқтығын айтып отыр. Сондай-ақ, бұршақтан денсаулығына зақым келгендер мен мүлкінен зардап шеккендер жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ.
Айта кетерлігі, еліміздің шығысында ауа-райы салқындап, артынша бұршақ жауып жатса, батыс өңірлерде күн ысып, ауа температурасы 30 градустан асып түсті.