$ 439.43  473.31  4.82

Блогер: «Көп балалы аналарға табылмаған қаражаттың сайлауға табылғаны қандай өкінішті!»

Белгілі заңгер, блогер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек елімізде болатын сайлауға қатысты ойымен бөлісті. Ол Instagram-парақшасында көп балалы аналарға табылмаған қаражаттың сайлауға табылғанына күйінетін айтқан.

«Болашаққа зор үмітпен қараймын! Бұл сайлау жайлы не ойлайсыз? Бұл сайлау мен үшін жай қойылым. Қаншама миллиондарды далаға шашу! Көп балалы аналарға табылмаған қаражаттың сайлауға табылғаны қандай өкінішті!», - дейді заңгер елімізде болғалы жатқан президенттік сайлауға қатысты.

Сонымен қатар, қоғам белсендісі Сайлау туралы заңды өзгерту керек деп есептейді.

«Мемлекеттік қызметте істеген, партияға мүше болған азамат ғана сайлауға түсе алады деген заңға өзгеріс енбей, елдің басына ұлтжанды азаматтың келуі екіталай! Өркениетті елдің қатарына қосылу үшін қазақтілді азаматтық қоғам сауатты болу керек! Болашақты өзгерту өз қолымызда!», - деп жазды А.Орынбек.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары