Қоғам 16.04.2019 сағат 12:25  247

Алматыда ер адамның қолындағы белгісіз зат жарылды

Алматыда 33 жастағы ер адам жарылғыш заттан зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда ер адамның қолындағы белгісіз зат жарылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алдын ала белгілі болғандай, 33 жастағы жігіт таңғы 7:21-де ауруханаға жеткізілді.

Түскен кезде оған қосарланған жарақат, бас сүйегі мен миы шайқалған деген диагноз қойылды.

«Жарылыс салдарынан оның оң қолы мен сүйектері жарақаттанған. Басы мен кеудесін, мойнын 2-3 дәрежелі күйік шалып, 2-дәрежелі шок алған. Денесінің 10 пайызын күйік шалған», - деді №4 қалалық аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі Дәурен Түсіпов.

Дәрігерлер пациенттің қолына шұғыл түрде  ота жасалғандығын жеткізді.

«Қазір пациенттің жағдайы ауыр. Қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Шокқа қарсы терапия жүргізілуде», - деді Д.Түсіпов. Полция оқыс оқиға туралы кейін ақпарат беретіндігін хабарлады.



Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар