$ 447.4  477.55  4.76

Дос Мұқасан әншісі Мұрат Құсайынов Air Astana қызметкерін ұрған

«Дос Мұқасан» тобының солисі дауға қалды. Эйр Астананың баспасөз қызметі компания қызметкеріне қол жұмсалғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«14 сәуірде «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытындағы КС 852 рейсінен бұзақы жолаушы шеттетілді. Мұрат Құсайынов дауыс көтеріп, былапыт сөздер айтқан. Экипаж оның ұшаққа мінуіне тосқауыл қойған соң, мінезді жолаушы компания қызметкерлерінің көз алдында жолаушыларға қызмет көрсететін қызметкеріміздің маңдайынан ұрды. Денсаулығына зиян келтірді. «Эйр Астана» әуе компаниясы жәбірленген қызметкерін жан-жақты қолдайды», – деп хабарлады Эйр Астана.

Құсайыновты жауапқа тарту үшін әуе компаниясы Нұр-Сұлтан әуежайындағы полиция бөлімшесіне арыз жазды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары