Қазақты әлемге танытып жүрген жас талантты әнші Димаш Құдайберген бүгін жаңа бейнеклипінің тұсауы кесілетінін хабарлады. Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында су жаңа клипінен үзінді жариялаған.
Димаштың мәліметінше, бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де «Любовь уставших лебедей» әніне түсірілген клип көпшіліктің назарына ұсынылады. Әннің сөзін –Михаил Гуцериев, музыкасын –Игорь Крутой жазған. Клиптің режжисері – Алан Бадоев.
Еске сала кетейік, 22-23 наурызда жас талант иесі Мәскеуде Мемлекеттік Кремль сарайында жеке концертін өткізді. Оның шығармашылық кешіне әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйерлері келді.