Белгілі әнші Нұржан Керменбаев ҚР кезектен тыс президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынбақшы. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында айтты.
«Обама болды, мен де боламын. Нем кем? Маған дауыс бересіз бе?»,-деп жазған қазақтың қара баласының әзіл-шыны аралас сөзі көпшілікті қалың ойға қалдырған секілді.
Желі қолданушылары өздеріне әділ мемлекет басшысы керек екенін айтып, Нұржанды қолдап дауыс беруге дайын екендіктерін жазды.