$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда тұрғындар метроға алаңдай бастады

Мәскеу метросында орын алған апатты жағдайдан соң алматылықтардың арасында да метро қауіпсіздігіне алаңдаушылық үдей түскен, деп хабарлайды BNews.kz.

Алайда, Алматы метрополитені баспасөз қызметшісінің хабарлауынша, Алматы метросы 29 автоматтандырылған қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Кез келген жағдайда бұл жүйелер іске қосылады.

Өзге ТМД елдеріне қарағанда, Алматы метросының техникалық жарақтануы да әлдеқайда жаңа. Жаңадан ашылғандықтан, мұнда әлемнің жетекші елдерінің метроларындағыдай жаңа технологиялар қолданылған.

Баспасөз қызметшісінің мәлімдеуінше, Мәскеу метросындағы жағдайды Алматыда қайталанады деп қауіптену бекер. Дегенмен, метро бұл техника. Сондықтан, кез келген техника секілді метрода да ақаулардың орын алуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, оның айтуынша, метрополитен әлемдегі қауіптілігі жоғары көлік құралы болып табылады.

Айта кетейік, кеше Ресей астанасында болған метро апатынан 22 адам қаза тауып, мыңнан астам адам әр түрлі жарақат алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары