Қоғам 26.04.2019 сағат 04:30

Абаев баннер үшін қамалған жастарға қатысты пікір білдірді

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Алматы марафон» кезінде «Шындықтан қаша алмайсың» деген жазуы бар плакат ұстап шыққан белсенділердің ұсталып, 15 тәулікке қамалуына қатысты пікір білдірді.

Абаев баннер үшін қамалған жастарға қатысты пікір білдірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өз сөзінде министр сот шешіміне қатысты пікір білдіре алмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар» арнасының «Открытый диалог» бағдарламасына сілтеме жасап.

Абаев бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органдарының белсенділерді не үшін тұтқындағанын түсіндіргенін атап өтті.

«Лауазымды тұлға, мемлекет қызметкері ретінде сот шешіміне қатысты пікір білдіре алмаймын. Оның үстіне, сот отырысына қатыспадым, іс материалдарымен таныс емеспін» – дейді министр.

Алайда ақпарат министрі азамат және БАҚ қолданушысы ретінде пікір білдіре алатынын айтты. 

«Кім не десе де, бұл саяси науқан. Себебі соның критерилеріне сай келеді. Біріншіден, бұл жариялылық, екіншіден, үндеудің болуы, үшіншіден, саяси оқиғамен, яғни сайлаумен байланыстыру. 

Мемлекет басшысы сайлау процесінің ашықтығын негізгі артықшылық деп атады. Сондықтан, азаматтық бастама ретінде белсенділердің әрекетін қолдаймын. Алайда, ішкі істер министрі айтқандай, мұндай науқандар заң аясында өткізілуі тиіс», - дейді Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек, 21 сәуірде Алматыда өткен марафон кезінде Әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшесінің қиылысында «Шындықтан қаша алмайсың», «#Менің таңдауым бар», #ADILSAILAYUSHIN деген жазуы бар плакат ұстаған адамдар тұтқындалды. Артынша олар 15 тәулікке қамалды. Ішкі істер министрі белсенділердің ұсталуының себебін түсіндірді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар