2019 жылдың үштен бір бөлігін қазақстандықтар жұмыстан тыс, демалып, отбасы және жеке шаруаларымен айналысып өткізеді, деп хабарлайды 24.kz.
Мамыр айында қазақстандықтар барлығы 11 күн демалады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін – 20-сы жұмыс күні. 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. 9 мамыр Қазақстанда Жеңіс Күнін атап өтеді. Мерекеге байланысты сенбідегі демалыс - 4 мамыр, 10 мамырға, жұмаға көшіріледі.
Жалпы 2019 жылы қазақстандықтар 119 күн демалады.