Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылы берілетін пітір садақаның мөлшерін жариялады. Бұл туралы ҚМДБ сайтында хабарланған.
«Пітір садақаның мөлшері – 300 теңге. Бұл - пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден артық беруге де болады»,-делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесін ескеріп, сонымен қатар, Орталық Азия елдері мүфтиятының шариғат жəне пəтуа бөлімінің ғалымдарымен ортақ пəтуа қабылдай отырып, 6 мамыр – рамазан айының бірінші күні деген шешім шығарды.