$ 494.87  520.65  4.91

Елорда әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» 5 мыңнан астам адамды тізімнен алып тастады

Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ 2018 жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйіне түгендеу аясында кезектілікте тұру негізі жойылған 5287 адамды анықтады және есептен шығарды. Бұл туралы аталмыш мекеменің Instagram-парақшасында жарияланған.

«Көптеген азаматтар өз кезектіліктерінің қарқынды түрде алға жылжығанын байқаған болар. Алайда, кейбір азаматтар өз кезегінің 1-2 орынға кері қарай жылжығанын айтып шағымдануда. Бұл жағдай кезектен алынып тасталған бірқатар адамның келіспеушілік танытып, сотқа шағымдануына байланысты болып отыр. Соңғы бес жылда тұруға жарамды тұрғын үйден азаматтарды иеліктен шығару фактілеріне қарамастан, сот әкімдікті азаматтарды кезектілік орындарына қоюға міндеттейді. Сондықтан заңды күшіне енген сот шешімі негізінде әкімдік кезектіліктен шығарылғандарды тізімдегі бұрынғы орнына қайтарады. Осыған байланысты одан кейін тұрған азаматтар кезекте артқа қарайды жылжиды», - деп жазады Тұрғын үй қоры.

 «Тұрғын үй қоры» КММ мамандары кезектің жылжуына қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екендіктерін айтып, азаматтарға аталмыш мекемеге хабарласуды өтінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары