Қоғам 01.05.2019 сағат 16:29

«Дуалап тастаған»: алматылық келіншек төсегіне қайын әпкесі ине қыстырып кеткенін айтып көмек сұрады

Алматылық ерлі-зайыптылар бес жылдан астам уақыт бойы бала сүйе алмай жүр. Келіншектің айтуынша, оған себеп – туған қайын әпкесінің өзін дуалап тастауы екен. Әйел адам KAZ.NUR.KZ тілшісіне жан-сырын ақтарды.

«Дуалап тастаған»: алматылық келіншек төсегіне қайын әпкесі ине қыстырып кеткенін айтып көмек сұрады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматылық келіншектің сөзінше жолдасы екеуі бес жылдан астам уақыт бойы бала сүйе алмай жүр екен. Келіншек мұның басты себебі – туған қайын әпкесінің дуалап тастауы деп отыр.

"Жарыммен студент кезімізден бастап таныспыз. Екі жыл жүріп, отбасын құрамыз деп шештік. Бірақ жолдасымның ата-анасы ерте қайтыс болып кеткендіктен, жұбайым кішкентайынан әпкесінің бауырында өскен. Тұрмыс құрған, үйлі-баранды адам болғандықтан, мені жылы қабылдайды деп ойладым.

Бірақ бәрі керісінше болып шықты, мені бірінші күннен-ақ жақтыртпай, тіпті күйеуімді "маған үйленбе, бұл қыз ұнамады, басқа қызбен таныстырамын" деп көндірмек болыпты.

Оның бәрін тұрмысқа шыққаннан соң, кейін білдім. Сөйтіп үйлендік, тойымыз ұлан-асыр болмаса да, өз күшімізбен жасап шықтық. Бірақ арамызда бала болмады. Көп дәрігерлерге де, бақсы-балгерлерге де бардым. Бәрінің айтатыны – қайын әпкем қарғап, дуалап тастаған дейді.

Бастапқыда сенбедім, бірақ жатын бөлмедегі төсегімізден ине тапқанда, айтқандары рас екеніне сене бастадым. Қазір жолдасым екеуміздің арамыз күннен күнге суып барады. Алдағы өмірім не болатынын білмеймін", - дейді келіншек.

Әйел адам бүгінде ажырасу жайлы ойлап жүргенін де айтып қалды.

 

"Негізі ол да, мен де оны бір-бірімізді әлі күнге дейін жақсы көреміз. Жолдасым тек әпкесінің қысымына шыдамай жүр. Қайын әпкем тіпті оған таныстыратын қыз да тауып қойған.

Дәрігерлер балаларың болады, асықпаңдар деп отыр. Әлде жасанды ұрықтандыру арқылы бала әкелемін бе? Мені сыйлайтын, өзім жақсы көретін жолдасымнан айырылып қалғым келмейді, отбасымды қалай сақтауым керек", - дейді келіншек.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар