Қоғам 04.05.2019 сағат 04:52  294

«Тәрбиешінің қолданатын өзіндік әдісі бар»: ұйықтамайтын балаларды ұрып-соққан тәрбиеші видеоға түсіп қалған (ВИДЕО)

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instragam-парақшасында Алматы балабақшаларының бірінде тәрбиешінің балаларды ұрып-соққанын дәлелдейтін бейнежазба жүктеп, қатігез тәрбиешілердің азаймай тұрғанын мәлімдеген. 

«Тәрбиешінің қолданатын өзіндік әдісі бар»: ұйықтамайтын балаларды ұрып-соққан тәрбиеші видеоға түсіп қалған (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бейнежазбаға тәрбиешінің ұйықтамай жатқан баланы жұлқылап тұрғызып, басқа бөлмеге алып бара жатқаны, сосын айтқанына көнбеген баланы бетінен шапалақтап жібергені түсіп қалған.

«Қатігез тәрбиеші азаймай тұр. Алматылық тәрбиешінің түсте ұйықтамаған балаларға қолданатын өзіндік «әдісі» бар. Оқиға 02.05.2019 камерада көрсетілген уақытта орын алды деп видеоны маған ата-аналар жіберіпті. 37-бақша, жасы 3-ке толмаған балақайлар. Айтпақшы, бұл бақшаны жыл басында қала әкімнің өзі келіп ашқан болатын» ,-деген журналист бұл оқиға мемлекеттік балабақшада орын алғанын аңғартады.

Кадр сыртында ата-аналардың бейнежазбаны талқылап жатқаны, тәрбиешінің жылап кешірім сұрап жатқаны естіледі. 

Осы оқиғаға қатысты Алматы қаласы полиция департаментіне хабарласып едік, баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек алдағы уақытта хабарлама жіберетінін айтты. 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар