Қоғам 04.05.2019 сағат 06:15  264

Балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Үшінші мамырда түнде Алматы қаласындағы балабақшалардың бірінің тәрбиешісі баланы ұрып-соққаны туралы арыз-шағым түсті, деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Бұл қылмыс Алатау ауданының полиция басқармасында тексеріліп жатыр. Полицияға балалардың бірінің анасы өткен түнде шағымданған.

Бұл дерек ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. 35 жастағы тәрбиеші қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жақын арада қылмыстық іс материалдары сотқа жолданады»,-делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instragam-парақшасында Алматы балабақшаларының бірінде тәрбиешінің балаларды ұрып-соққанын дәлелдейтін бейнежазба жүктеп, қатігез тәрбиешілердің азаймай тұрғанын мәлімдегенін жазған болатынбыз.

 

 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар