$ 498.34  519.72  4.85

Үйінен кетіп қалған жасөспірім қыз 4 күннен кейін табылды

Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім қыз 4 күннен кейін табылды. Кәмелет жасына толмаған қыз мұндай қадамға ата-анасымен ұрыс-керістен соң барғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Облыстық ПД мәліметінше, жасөспірім қыздың жоғалғаны туралы полицияға Леңгір қаласында тұратын ата-анасы хабар берген.  Олар қыздарының 26 сәуір күні сағат 16:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Кейіннен хабарласып, құрбысының үйінде екенін және ертең үйіне қайтатынын  жеткізген. Алайда содан кейін үйіне де келмеген, байланысқа да шықпаған.

«Оның мекенжайын анықтау мақсатында полиция бөлімінде жедел-іздестіру тобы құрылып, жұмыстар жүргізілген. Жасөспірім қыздың баруы мүмкін деген жерлер тексеріліп, куәгерлерден жауап алынған. Нәтижесінде  жоғалған қыздың жүрген жері анықталып, Шымкент қаласынан табылды. Ол өз жауабында ата-анасымен ұрыс-керістен соң, Шымкент қаласына кеткенін айтқан. Тиісті шаралардан соң  жоғалған қыз үйіне оралды»,- делінген хабарламада.   

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары