Қоғам 06.05.2019 сағат 03:36

Петропавлда бала ойынынан өрт шықты

Петропавлда бала ойынынан өрт шықты. Салдарынан 25 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлда бала ойынынан өрт шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бүгін таңғы тоғыздар шамасында Интернационал көшесіндегі 5 қабатты үйде болған. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 4 қабатта пәтердің жанып жатқанын көрген. Бірден іске кіріскен құтқарушылар жарты сағаттың ішінде өртті толығымен ауыздықтады.

Мамандардың айтуынша, оқыс оқиға орнынан 25 адам, соның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Сондай-ақ 7 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқаруға тура келді. 8 жастағы қыз бен 4 жастағы ұл баланы құтқарушылар балконнан автобасқышпен түсіріп алды. Өрттің шығуына сіріңкемен ойнаған осы балалар себепші болған екен. 

Қазір келген шығын мөлшері анықталып жатыр. Өрттің салдарынан 10 шаршы метр аумаққа зақым келді. 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар