06.05.2019, 04:26

Ораза ұстаушыға берілетін 5 қасиет

Қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, ниет еткен мұсылмандарға 5 қасиет беріледі, деп хабарлайды  islam.kz.

Имам Ахметтің Әбу һурайрадан (р.а) жеткізген риуаятында Алланың елшісі (с.а.у) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: "Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет беріледі" дейді. Олар:

1. Ораза тұтушының аузының иісі Алланың алдында қош иісті мисктен, сөзсіз артық болады;

2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;

3. Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: "Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерін тастап, саған кіретін күні жақын қалды" дейді;

4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды;

5. Ал, соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі. Сахабалар: "Уа Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?" - деп сұрағанда Ол (с.а.у): "Жоқ жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты" - деген".

 

Тегтер: Рамазан айы