Той индустрия саласында елімізде Шымкент қаласы көш бастап отыр, деп хабарлайды 365info.kz
Той ұйымдастырушыларының бірі Гүлбану Байтемірованың айтуынша, адамдар көбіне несие алып, ысырап той жасайды. Бір тойға ең аз дегенде 100 000 теңге кетеді. Бұл тек мейрамхананы жалдап алуға ғана жұмсалатын қаражат. Егер де, орта деңгейлі той өткізу керек болса, онда 200-400 мың теңге кетеді. Ал, тойды жоғары деңгейде өткізу үшін 500 000 тг-ден 10 млн теңгеге дейін шығын кетеді.
Мейрамхананы жалдаумен қатар, тойды жүргізетін тамада бар. Шымкентте бір тамаданың той жүргізу бағамы 20 мың теңгеден 1000$ дейін шығынды қамтиды. Ал, көпшілікке танымал, жұлдызды тамадалар болса, олар 1000$-15 000$ дейін ақша алады.
Сонымен қатар, жергілікті бишілер 25 000 тг-ден бастап өнер көрсетеді. Алматыдан немесе Өзбекстаннан келсе, онда 1000$-3000$-ға дейін қаражат жұмсалады.
Әншілердің де бағамы аз емес. Егер, Шымкенттік әншілер болса, онда 10 мың теңге алады. Дуэт, трио, квинтет болған жағдайда 30-100 мың теңгеге дейін ақша кетеді.
Фото-бейне операторлар ең кем дегенде 10-20 мың теңге аралығында жұмыс істейді. Егер де, жас жұбайлар «Love Story» түсіретін болса шығын 30 000 тг мен 150 000 тг аралығын қамтиды.
Сондай-ақ, той иелері өздерімен бірге азық-түліктерді ала келетін болса мейрамханадағы бір орын 2000-7000 тг аралығында болады.
Шымкенттегі тойлардың танымалдылығы-эстрада жұлдыздарының арқасында. Олардың ішінде Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі сынды әншілер бар. Бір тойдан олар орташа есеппен алғанда 8000$-ға әндерін орындайды.
Дереккөз 365info.kz